Тоқаев «Құл Шариф» мешітінде оқылған құран ішінде болды

Ақорданың хабарына қарағанда, президент Татарстан Республикасына сапарын «Қазан кремлі» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығына барудан бастады. Ондағы көрікті жерлерді Қасым-Жомарт Тоқаевқа Татарстан президенті Рустам Минниханов таныстырды.

Рустам Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан кремлі аумағындағы «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.

Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин құран оқыды.

Фото: Akorda.kz

Благовещенский соборында Қазақстан президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.

«Құл Шариф» мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиевтің жарлығы бойынша салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.

Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz