Қазақстан президенті Татарстан астанасына барды

Татарстан астанасының халықаралық әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанның көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді.
Қазан
Фото: Facebook / Берік Уәли
Сонымен қатар, республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.
Қазан
Фото: Facebook / Берік Уәли