Басты бетЖаңалықтарҚаңтар трагедиясы:...

Қаңтар трагедиясы: ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары ұсталды

Бұл туралы Рolisia.kz сайтында хабарланды.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелермен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылордада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады және жауапкершілікке тартты, — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операция нәтижелері бойынша ұсталғандардан мынадай қару-жарақ тәркіленген: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрі.

Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.