Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды

Алматы полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының мәліметінше, 20 мен 24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталған.

5 қаңтарға қараған түні «Шаңырақ» ықшамауданындағы үйлердің бірінде болгарканың көмегімен темір арматураның бөліктерін (70 сантиметр) дайындап, келесі күні жаппай тәртіпсіздіктің қатысушыларына таратқандар анықталды. Айтпақшы, кездейсоқ куәгерлер бұл іс-әрекетті ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Видеодан адамдардың ГАЗель жүк шанағынан арматураны түсіріп жатқанын көруге болады. Іс-әрекет Төле би даңғылының бойында шығыс бағытта болған. Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды, – деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілер тәртіп сақшыларының денсаулығына зақым келтіру мақсатында тәртіпсіздікке қатысушыларға тарату үшін түні бойы темір арматуралар дайындағанын мойындаған.

Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.