Әділ Ғалиахметов Бейжің олимпиадасында 8-орын алды

Бұл бәсекеде Қазақстан спортшысы Әділ Ғалиахметов те бақ сынады. 23 жастағы оралдық спортшы сегізінші орынды иеленді.

1 500 метр қашықтықта олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды. Ал күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленген.

Әділ Ғалиахметов
Әділ Ғалиахметов сол жақтан үшінші. Финал. Фото: Владислав Семенов

Айта кетейік, Әділ Ғалиахметов ересектер арасындағы олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты және финалға жолдама алды.

Еске салайық, жартылай финалда қытайлық Жэнь Цзэ Вэй Әділ Ғалиахметовтен озбақ болып, Қазақстан спортшысын жарыс жолағынан шығарып жіберді. Төрешілер қытайлық спортшыға пенальти беріп, жарыстан шеттетті. Ал Әділ Ғалиахметов А финалына жолдама алды.