Бейжің–2022: Қазақстан спортшыларының 9 ақпандағы жарыс кестесі

Спортшылар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша төмендегі кесте бойынша жарыс жолына шығады:
  • 11:45-те тау шаңғысы бойынша Александра Троицкая өнер көрсетеді.
  • 14:00 және 17:00-де ерлер шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров шығады.
  • 17:00, 18:29 және 19:13-те ерлер шорт-трегінде 1 500 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша жүлде үшін тартысады.
  • 17:44-те әйелдер шорт-трегінде 1 000 метр қашықтықта Ольга Тихонова шығады.
Айта кетері, Бейжіңдегі олимпиада ойындары 3 ақпанда басталды. 2022 жылғы олимпиадаға республикадан барлығы 34 спортшы қатысады.