9 және 10 ақпан: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді, — делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде түнде 15…28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15…25 градусқа дейін, ал шығыста 15…30 градусқа дейін аяз болады.