Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

Ертең, 8 ақпанда мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады, — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.