Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда қарияға таяқпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Фото: Видео скрині

Алматы полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

Ол қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Ол — Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қария көлігіне зақым келтіргенін айтты, — деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

Полиция бұл оқиға Алматы облысы аумағында болғанын анықтады. Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысының полиция департаментіне жолданады.