Алматы полициясы қаруды заңсыз ұстап жүргендерге өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берді

Алматыда 7 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейін «Қару» іс-шарасы өтеді.

Алматы полициясы қаруды қабылдау науқанын өткізіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, – деді Қанат Таймерденов.

Полиция бастығы заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.