Менің өмірім – мен үшін жа­зылған хаттай. Ойлай бастасаң, бәрі  есіңе сай­рап орала кетеді.

95 жасыма дейін қолымнан қалам түскен жоқ. Менің қолымнан келетіні осы — жазушылық. Бар талантымды, бар энергиямды, күш-қуатымды арнадым. Бір жол жазсам да, күреспенен жаздым. Кітабымның әр жолына бар қабілетімді, күшімді салып жаздым.

Мен кейде кітабымның орысша аудармасын оқып отырамын да, ырза болып, рахаттанып отырып, орнымнан атып тұрып, сол жердің қазақшасы қандай екен деп, түпнұсқаны қолыма алып қараймын. Қарап, көңілім орнына түседі…

Жазуды әркім өзінің білгенінше, шамасы келгенінше жазады ғой. Ауыз менікі екен деп көпіріп сөйлей берген секілді «ақ парақ, қара қалам қолымда, не істесем де ерік өзімде» деп жаза бергеннен не пайда?! Қазақ бұны «су» дейді, орыстар «жир — май» дейді. Лев Толстойдың өзі осы «маймен» өмір бойы күресіп өткен. Сонда да жеңе алмай кеткен. Өз шығармаңа қатаң қарау – бұл өзі үлкен өнер. Жазу үстінде сен жаза бересің. Қайта қарағанда көп нәрсе байқалады.

Бізде Жазушылар үйі бар, жазушылар жоқ…

Бұрын қанша кіжінгенмен тым жақсы жазылып тұрған соң қысқартуға қимайтын едім. Қазір – жоқ! Мен қазір әбден қаһарға мінгенмін. «Майды» аямай кесіп, тек бұлшық етін қалдырдым. Осы қысқартқаныма өзім риза болып, мақтанып отырмын. Ал, кейінірек оқырман да керемет риза болатынына күмәнім жоқ. Жеңіл, қызғылықты, тез оқылатын болады. Жазу оңай – қысқарту қиын… баспадан шығады, соны оқы, әне, сол кезде екеуміздің әңгімеміз жарасатын болады.

Әскерде жүріп тек әскери тіл үйренсем, әдеби тілді соғыс біткен соң орыстың, әлемнің жазушыларын көп оқу арқылы үйрендім… Кітап оқып отырып сөздің мағынасын интуитивті түрде аңғару, жобалау, болжарлау арқылы үйрендім.

Құдай сені о баста қандай жазушы етіп жаратты, сол жүлгемен кетесің…

Құдайды сынауға болмайды, ал жер басқан пенденің бәрін сынауға болады. Бірақ, қазақтың тілін білмесе де, ол тіл жайлы үкім шығарғандар – қасиетсіз, нәсілсіз, дөрекі адамдар.

Мен – Әуезовтің өнімімін! Ол болмағанда мен де осы күйімде болмас едім. 1940 жылы «Абайдың» 1-кітабы шықты. Мен оны қандай құмарлықпен оқыдым десеңші!

Чехов кітапханасында бір стол тұр. Сонда конопатенькая, невзраченькая, серенькая бір қыз отыр. Мұрнының үстінде сепкілі бар. Қыздың қасына бір екі қазақ жігіті келіп отырды. Қыз бір қарады да, кітабын қайта оқи берді. Жігіттер қайтадан тиісе бастаған соң қыз «кешіріңіздер» деп тұрып, ортасына қарай кетті. Жігіттер қайта-қайта шабуыл жасаған соң конспекті жасап отқан қыз тұрып кетті. Түрегелгенінде қарасам әй ничего! Белі қылдырықтай, черт побери! Мен қайда қарап отырғам? Сол кезде оқып жатқан «Илиада» поэмасы қалды. Екі көзім сода. Ол кітабын тапсырды, мен де тапсырдым. Содан пошла любовь…

Адамға ең қиыны — жас, бала кезіңнен осы шағыңа дейін өзіңмен қатар өмір сүрген, осы дүниенің ащысын да, тұщысын да, қиындығын да, қасіретін де, қуанышын да — бәрінде бірге жүрген адамдар қалмай, тек өзің қалу.

Жазушының ұлылығы кітабының санымен өлшенбейді ғой. Біз болсақ 10 томдық, 15 томдық, 20 томдық шығаруға құмармыз…

Ұйқым жақсы, бірақ түнде бір оянып балаларды, немерем Иманды бір көріп кетемін.

Немерем Иманның жаны жақсы, мейірімді. Маған ұқсаған. Ал Ләйлә тастай, көп нәрсені біледі. 100-ге келсем, Иман 12-де, Ләйлә тоғызда болады. Екеуіде атасын біледі, естеріндемін. Енді Алладан 100-ге жетсем деп сұрап жүрмін.

Ең алдымен, зерттейтін адамыңа адал бол! Екінші, өз ісіңе адал бол!

Материал alashainasy.kz, okg.kz, turkystan.kz сайттарына, «Хабар TANYM» Youtube арнасына, Qazaqstan арнасынына жарияланған сұхбаттар бойынша дайындалды.