Алматы орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды

Полициядан хабарлағандай, қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты.

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында «Самал» ықшамауданында мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит қару-жарақ қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің кімге тиесілі екені тексеру барысында анықталады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.