Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көлік нөмірі табылды

Ақпарат бойынша, Қырғызстанның Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған жасырын орын анықталды. Олардың арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды.

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі/ Sputnik.kg
Жасырын қоймадан мынадай заттар табылған: 
  • атыс қаруы,бөлшектелген Макаров тапаншасы (ПМ),
  • Калашников автоматының 5,45 және 7,62 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
  • Макаров тапаншасының 9 мм калибрлі бірнеше оқ-дәрісі,
  • Қазақстанның мемлекеттік автокөлік нөмірі (KNB 13),
  • қолдан жарылғыш құрылғы дайындауға арналған заттар мен аспаптар.
Алдын ала мәлімет бойынша, қару-жарақ пен оқ-дәрі қылмыс жасау үшін дайындалған. Қазір жасырын жерді кім ұйымдастырғаны анықталып жатыр.