Мәжіліс төрағасы: Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Жаңа Қазақстан» құру жолында Парламентке артылар жүк те, жүктелер жауапкершілік те өте зор. Сондықтан осынау сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, президент бастамаларын барынша қолдау – біздің басты міндет, — деді Ерлан Қошанов Мәжілітің жалпы отырысында.

Мәжіліс төрағасы Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болу керек.

Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта, депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, — деді Мәжіліс төрағасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да