Мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының көбейгенін ескеріп, әкімдерге барлық оқу орындарында санитариялық-эпидемиология режимінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын барынша күшейту қажет, — деді премьер-министр.
Әлихан Смайылов бұған дейін берілген тапсырмаларға қарамастан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында екпе алуға тиіс халықтың жартысы ғана вакцина салдырғанын атап өтті. Оның айуынша, ел астанасы мен Алматыда және Маңғыстау облысында ревакциналау қарқыны жақсармаған.
Шығыс Қазақстан облысында вакцинамен қамту 100%, ревакциналау шамамен 80%-ке жетіп отыр. Жамбыл облысында вакцина салдыру 100%, ал ревакциналау – 66%-ке жуықтады. Бұл – басқа өңірлер үшін үлгі боларлық жұмыс. Көш соңындағы аймақтардың әкімдері вакциналау және ревакциналау мәселесін күнделікті бақылауға алуы тиіс, — деді Үкімет басшысы.
