Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Роза Самидоллақызы Кәрібжанова Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, —  делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Роза Кәрібжанова 1964 жылы бұрынғы Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады.

1988-1991 жылдары Қима аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Торғай облыстық комитетінің хатшысы,

1991-1994 жылдары Семей облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, басшысы,

1994-2000 жылдары Семей облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының, Семей жастар, туризм және спорт комитетінің бас маманы,

Семей білім, жастар және спорт басқармасының тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы,

2000-2003 жылдары Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы,

2003-2008 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы,

2008-2014 жылдары Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары,

2014-2016 жылдары Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, жастар саясаты департаментінің директоры,

2016-2019 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры,

2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары,

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Еске салайық, мұның алдында Ақан Абдуалиев мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.