Ақан Абдуалиев мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, — делінген жазбада.

Ақан Абдуалиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Алматы экономика және статистика академиясын, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының вокалисі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақконцертте, РМҚК, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында жұмыс істеген.

2016-2018 жылдары Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы тамыз айынан 2021 жылғы маусым айына дейін Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы ректоры қызметтерін атұарды.

2021 жылғы маусымда мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.