2022 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31% немесе 28,3 мың деңгейінде белгіленді.
2022 жылы шетел жұмыс күшін тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 13 887 және 3 421 болды. Сонымен қатар, маусымдық жұмыстарға 3 302 адам тартылуы мүмкін, — делінген министрлік хабарламасында.
2021 жылы жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың мөлшерінде шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты, бұл белгіленген квотаның 64% — ын (29,3 мың) құрады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетел азаматы еңбек қызметін жүзеге асырды.