Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы еңбек етіп жүр

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел азаматтарының жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 635 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 206 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған шетел азаматтарының жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 827 адам және 745 адам.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланатын 1 779 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі:

  • Қытай – 3 738 адам,
  • Түркия – 1 979 адам,
  • Үндістан – 1 228 адам,
  • Ұлыбритания – 1 019 адам,
  • Өзбекстан – 427 адам.