Үштөбеде зиратты қиратты деген күдікті ұсталды

Үштөбенің 34 жастағы психикасының бұзылған тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адамның қылмысқа қатысты бар екені куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталады, — делінген хабарламада.

Polisia.kz хабарына қарағанда, зираттар 16 қаңтарда қираған. 14 жерлеу орны бүлінген және қираған, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір кресттер сындырылған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған.

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен зираттар қорымның шет жағында орналасқан. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ.

Күдіктінің 60 жастағы анасы қала тұрғындарынан бала кезінен ауыр психикалық ауытқудан зардап шегетін ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.

Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы «Тағылық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары ерекше бақылауда, — делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 29 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Үштөбедегі (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді.