Алматы облысында қираған зират: президент ішкі істер министріне тапсырма берді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді, — делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысында вандалдардың зиратты қиратқан видеосы пайда болды.