Абай Жүсіпов Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болды

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Абай Жүсіпов тағайындалды, — делінген хабарламада.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды.

Абай Жүсіпов 1978 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет атқарады.

Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

2018-2020 жылдары Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болған.

2020 жылғы наурыздан бастап ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.

Еске салайық, мұның алдында Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы болып Ерлан Омарбеков тағайындалған еді.