Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды.

Ерлан Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

Органдағы қызметін милиция батальонында милиционер қызметінен бастаған. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшылық оператив лауазымдарда қызмет етті.

ҚР ІІМ-де басшылық қызметте көп тәжірибесі бар. Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Кейінгі жұмыс орны – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.