Басты бетҚоғамЖеңілдетілген автонесиелеудің...

Жеңілдетілген автонесиелеудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр

Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Бұдан басқа, президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқалары қарастырылып жатыр, — делінген хабарламада.

Ведомство соның бірінде көпбалалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарлама қосу ұсынылатынын хабарлады.

Сонымен бірге «Бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған.