Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, жеке құрамның әскери рухын көтеру бойынша, Отанды сүюге, қызметтік міндетіне адал болуға тәрбиелеу бойынша іc-шаралары жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша тренингілер өткізілді.

Сонымен бірге қызметкерлерді ынталандыру, олардың еңбегін бағалау шаралары тұрақты жүргізіледі.

Мысалы, төтенше жағдай кезінде ұлттық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 000 теңге, курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар беріледі. Жалпы жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын, — деді Ерлан Тұрғымбаев.