Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматыдағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында — санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қыркүйекте денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.