Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты

Сонымен бірге жоба аясында қызмет көрсететін бизнес нысандардың да тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда:

  • фитнес-клубтар, оның ішінде йога орталықтары;
  • СПА орталықтары;
  • сауна, бассейндер;
  • компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана, көше тағамдары сияқты объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындары, жазғы алаңдар, тамақтану алаңдары, банкет залдары;
  • аймақаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендермен спорттық шаралар;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қаласының әуежайы;
  • Ақтау және Қостанай қаласының әуежайы (2021 жылғы 7 маусымнан бастап);
  • лотерея клубтары және лотереяны сатудың басқа нүктелері;
  • балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);
  • цирктер;
  • қонақ үйлер.

Сондай-ақ, аймақ әкімдері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрғындарға, жеке және заңды тұлғаларға Ashyq мобайл қолданбасын, оның ішінде басқа платформалар арқылы пайдалану қажеттігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ashyq мобайл қолданбасы бизнеске карантин кезеңінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретіні туралы хабарланған. Ал мұндай қосымшаны IT қоғамдастығының өкілдері үкімет ақшасын жұмсамай-ақ жасаған. Жалпы, өткен жылдан бастап Ashyq жүйесі Қазақстанның бірнеше қалаларында пилоттық режимде жұмыс істеуді бастады.