Қасым-Жомарт Тоқаев қандай жағдайда еліміз ілгері жылжитынын айтты

Ол бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін президент Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайтынын, еліміз саяси жаңғыруға негізделген бағытын ешқашан өзгертінін жазған еді.

Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі, — деп жазды президент 20 қаңтардағы твитінде.