Алматыда электр қуаты толық қалпына келді

«Алатау жарық» компаниясы» АҚ «Солтүстік-Оңтүстік» жоғары вольтты электр тарату желісінде болған апаттық жағдай салдарынан электр қуатынан ажыратылған Алматы тұтынушыларын электрмен жабдықтауды толық қалпына келтірді. Осы тәуліктің 13 сағат 53 минутында барлық ажыратылған абонентке электр энергиясы берілді, — делінген хабарламада.

Компанияның хабарына қарағанда, апат кезінде қаланың барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер электр қуатынан ажыратылған.