Астанада жаңа карантин шаралары енгізілді

Қала тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтық сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет.

Әкімдікке, кәсіпкерлер палатасына, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне және бірқатар нысандарында Ashyq жобасын қолануды жалғастыру тапсырылды.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қала тұрғындары арасында вакцинация мен ревакцинация жүргізуді жандандыру тапсырылды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.