«Ғалам аруы-2016» байқауына әлемнен 86 ару қатысты. Нәтижесінде 23 жастағы Франция өкілі Нор-Па-де-Кале Ирис Миттенар «Ғалам аруы-2016» атанды. Конкурстың финалын онлайн көрсетілім арқылы бүкіл әлем көру мүмкіндігіне ие болды.
Бірінші вице-мисс атағына гаитилік Ракель Пелиссьер ие болды. Ал екінші вице-мисс атағы колумбиялық Андреа Товар деген аруға бұйырды.
Ал Қазақстан атынан 19 жастағы ару Дарина Құлсейітова үздік ондыққа кіре алмады. Дарина танымал дизайнер Аида Кауменованың ұлттық стильдегі көйлегімен шықты.
Айта кетейік, үздік ондыққа Колумбия, Бразилия, Мексика, Перу, Австралия, Франция, АҚШ, Индонезия, Филиппин, Таиланд сияқты елдердің арулары енді. Ал «Әлем аруы-2016» байқауын Пуэрто-Рико елінің атынан өнер көрсеткен Стефани Дель Валле жеңіп алған еді.