«Ғалам аруы-2016» атағын кім алды? (Видео)

«Ғалам аруы-2016» байқауына әлемнен 86 ару қатысты. Нәтижесінде 23 жастағы Франция өкілі Нор-Па-де-Кале Ирис Миттенар «Ғалам аруы-2016» атанды. Конкурстың финалын онлайн көрсетілім арқылы бүкіл әлем көру мүмкіндігіне ие болды.

Әлем аруы-2016, Ирис Миттенар

Бірінші вице-мисс атағына гаитилік Ракель Пелиссьер ие болды. Ал екінші вице-мисс атағы колумбиялық Андреа Товар деген аруға бұйырды.

Ракель Пелиссьер, Андреа ТоварАл Қазақстан атынан 19 жастағы ару Дарина Құлсейітова үздік ондыққа кіре алмады. Дарина танымал дизайнер Аида Кауменованың ұлттық стильдегі көйлегімен шықты.

Дарина Құлсейітова

Айта кетейік, үздік ондыққа Колумбия, Бразилия, Мексика, Перу, Австралия, Франция, АҚШ, Индонезия, Филиппин, Таиланд сияқты елдердің арулары енді. Ал «Әлем аруы-2016» байқауын Пуэрто-Рико елінің атынан өнер көрсеткен Стефани Дель Валле жеңіп алған еді.

https://www.youtube.com/watch?v=hQWlyZXyNH4

ДереккөзBaq.kz