Басты бетҚоғамЗардап шеккен...

Зардап шеккен полиция, құтқару және медицина қызметкерлеріне өтемақы төленеді

Осы күрделі әрі қиын күндері қоғам зардап шеккендерге өтемақы төленетініне және қолдау көрсетілетініне сенімді болуы керек. Мәселен, зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге жалпы сомасы 220,5 миллион теңге бөлінді, ауыр жарақат алғандарға екі миллион теңгеден, орташа жарақат кезінде бір миллионнан, жеңіл жарақат кезінде 500 мың теңгеден өтемақы төленеді, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі сонымен бірге төтенше жағдай кезінде осы іске жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек берілетін айтты.

Сонымен бірге төтенше жағдай кезінде осы іске жұмылдырылған 10 012 адамға 1,6 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде 3 880-і полиция департаментінің, 1 207-і ТЖД, 93-і құтқару қызметінің, 4 832-і медицина қызметкерлері.