Басты бетҚоғамНұртөре Жүсіп:...

Нұртөре Жүсіп: Өз мүлкін өзі ойранға салатын қаніпезерлік қайдан шықты?

Біз ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алдық. Мұны ашық мойындауқажет. «Менің мемлекетім», «Менің Қазақстаным» деген отансүйгіштік сезімді терең орынқтыру орнына қалай да ақша табу, тез баю, тірліктің бәрін ақшамен өлшеу ұғымдарын алға шығардық, — деді жоғары палата депутаты.

Нұртөре Жүсіп TikTok арқылы тәрбиеленіп жатқан жастарды сынады.

Бүгінгі жастар бабалардың «Тәк-тәк» деген тыйымдарымен емес, негізінен TikTok арқылы тәрбиеленіп жатыр. Қоғамда жанашырлық, мейірім, қамқорлық, аяныш, обал мен сауапты білу, қанағат пен қайырым, ілтипат пен ізетті білудің орнына жаппай қатігездік, аяусыз озбырлық, алдап-арбау, өсек, өтірік, мақтаншақтық, жалбақтау мен жарамсықтық орнықты. Еңбек ету, адал мал табу, Отанға, елге, мемлекетке адалдық, қоғамдық алдындағы жауапкершілік, әділет, ар-ұят ұғымдары кейінге ысырылып қалды. Өз ордасын өзі талқандайтын, өз мүлкін өзі ойранға салатын, бұл әрекеті үшін бір сәтте ойланбайтын қаніпезерлік қайдан шықты?, — деді ол.

Еске салайық, былтыр қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген кеңес мүшелерінің ел тарихына арналған TikTok жобасын құру туралы ұсынысын қолдады.

Аймақтың тарихы бойынша TikTok жобасын құру туралы ұсынысты қолдаймын. Шынында да, бұл өте жақсы жоба, қазір жастар негізінен Instagram мен TikTok-та, бұл — біздің өміріміздің шындығы. Бұл шындыққа тура қарайық және балаларымыздың тәрбиесі мен мәдениетіне оң әсер етейік , — деді президент.