Homm9k

Алина есімді бойжеткен қазақстандық тиктокерлердің көшін бастап тұр. Оның парақшасын 8 миллиион 800 мың адам оқиды. Көбісі бұл аруды «Хомяк» лақап атымен таниды. Алина анименің дыбысына видео түсіргенді ерекше ұнатады.

96999e892b040f586a631a306436445f Қазақстанның топ-5 TikTok блогері

Kagiristwins

Бұл аккаунтты Наргиз және Томирис есімді егіз апалы-сіңілі жүргізеді. Бүгінде олардың 4 миллион оқырманы бар. Онда қыздар көбіне өмірдегі түрлі қызық әрі әзілге толы өмірімен бөліседі. Контентінің тағы бір ерекшелігі — қыздардың хореографиясы.  Сонымен бірге апалы-сіңілі қыздар Youtube-та және Instagram желісінде белсенді.

659539662c538174e2aaa27805dae04d Қазақстанның топ-5 TikTok блогері

Sergei_03.04.851985

Бұл — изометрия жаттығулары мектебінің негізін салушы Сергей Цырульниковтың аккаунты. Оның негізгі контенті — жаттығулар мен трюктер. Видеода ол қолымен шынжыр сындырып, шеге қағып дүйім жұртты таңғалдырады. Оқырман саны — 3 миллион 200 мың.

a945140ea5e0af6f1a135db7388dbc97 Қазақстанның топ-5 TikTok блогері

I_am_doshik1

Парақша иесі Дарья — Алматы тұрғыны. 16 жастағы қыздың 2 миллион 600 мың оқырманы бар. Ол трендтегі әзілге толы бейнелерді түсіреді.

f6b7bbcbe6498d9a79e4819f0457ebb9 Қазақстанның топ-5 TikTok блогері

Avdi_senpai_i

Жамбылдық 15 жасар шопан бала — Tiktok жұлдызы. Жарты жыл бұрын ғана ашқан парақшасына 2 миллион адам жазылған. Ол Геракл атты тұлпарына мініп, жанына итін серік етіп, өрістегі малын бағады. Шопан бала өз оқырмандарына сол күнделікті тіршілігін қызық етіп сипаттайды. Сонымен бірге қолданушыларға қазақ тілін үйрететіні де бар. Бүгінде жасөспірімнің видеоларының қаралымы 50 миллионнан асты.

2efc2176cffeb2781e069131251bde7b Қазақстанның топ-5 TikTok блогері