Универсиаданың ашылу рәсімінің режиссері: теленұсқада ерекшеліктер ескерілмеді

Шара Айдарованың бұндай халықаралық мәртебесі бар салтанатты шараларды ұйымдастыруда  мол тәжірибесі бар. Олар Сочидегі Олимпиадада «Қазақстанның қонақ жәй үйін» әзірлеген. Ал Универсиадаға дайындалған кезде 2013 жылы Қазанда өткен жазғы Универсиаданың ашылу салтанатындағы нюанстарды ескерген.

«Біз де ауқымды көрсеткіміз келді, бірақ біздің менталитеттің ерекшеліктерімен. Алматының бүкіл сұлулығын ауызша жеткізіп, шығармашылық бейне роликтерде  көрсетуге тырыстық. Ұлттық колоритті музыкалық шоу бағдарламада көрсетуге тырыстық. Өйткені бағдарламаның хаттамалық бөлімі – хаттама күйінде қалады: шеру, өнер көрсету, спортшылар мен судьялардың анты. Ал шоу бағдарламаның орны бөлек. Оларға біздің мифологиялық тамырларымызды, яғни жақсылықтың зұлымдықпен күресін сіңіруге тырыстық. Тарихты көрсеттік: сақтар дәуірі, Жібек жолы, археологиялық артефактілер»,-деді Шара сұхбатында.

Универсиаданың ашылу салтанаты
©sputniknews.kz

Режиссер ашылу салтанатында 100-пайыздық қазақстандық өнім қолданылғанын атап өтті. Әрбір костюм эксклюзивті нұсқада тігілген, декораторшы суретшілер де қазақстандық мамандар. Алайда, төгілген тер телевизиялық нұсқада толық қамтылмай қалған.

«Білесіз бе, мен теле нұсқаны көріп, кішкене ренжідім. Өйткені ол жадыда қалады, дүниежүзілік эфирлерге шығады… Мен мол тәжірибесі бар телевизиялық режиссермін. Әрине менің талаптарым жоғары болды. Мен әр кадрлау бойынша онымен отырдым, камераларды қойдым, тағы басқа. Бірақ маған біраз жерде теле нұсқа ұнамады: нюанстарды қақпаған, концепция. Режиссер механикалық тұрғыдан түсіру емес, ол әр нөмірдің концепциясын білуі тиіс»- дейді режиссер.

Шара Айдарованың айтуынша, Универсиаданың ашылу салтанатына дайындық 15 қаңтардан басталған. Сол күні барлық техника «Алматы Аренаға» кіргізіліп, 20 қаңтардан бастап репетиция жүргізілген.

ДереккөзSputniknews.kz