Нұр-Сұлтанда шоқыну рәсімдеріне тыйым салынды

Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Қалада эпидахуалдың күрделілігіне байланысты шоқыну мерекесі қарсаңында шомылу өткізілмейді. Бұл — қаланың бас санитар дәрігерінің шешімі, — дейді Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

  • Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады.
  • Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.