Алматыда балабақшалар жұмысын қашан бастайды?

Оның айтуынша, 5 қаңтардан бастап қаладағы қалыптасқан жағдай мен қабылданған қауіпсіздік шараларына байланысты мектепке дейінгі 860 ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылған. Оларда 71 мыңнан астам бала білім алады.

Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 20 қаңтардан бастап балабақшалар өз жұмысын бастайды. Бұл ретте қаладағы эпидемиология ахуалы міндетті түрде ескерілетін болады, сондықтан балабақшалар кезекші топ режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Біз ата-аналар мен барлық қызметкерлерді мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәртібі туралы қосымша хабардар етеміз, — деді білім басқармасының басшысы.