Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

Бас прокуратура мәліметінше, stopterrorism.kz сайтына азаматтар террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы фото, видео және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сонымен қатар қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізіп жытар. Азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз, — делінген хабарламада.