Үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі жойылғанын мәлімдеді.

Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі сақталады, — делінген хабарламада.