Алматының тағы екі ауданы лаңкестерден тазартылды

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.

«102» пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді,- дейді Алматы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да