Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

Полковник Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Марат Ирменов тағайындалғанын растады. Ол 2020 жылдың ақпанынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз