Универсиада: Бүгінгі ойындар кестесі

Бүгін әйелдер командасы арасындағы шайбалы хоккей турнирінің топтық кезеңінің матчында АҚШ пен Ресей ойыншылары кездеседі. Жарыс Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында сағат 12.30-да басталады.

Сондай-ақ, басты оқиға — XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Унверсиаданың ашылу салтанаты — «Алматы Арена» Мұз сарайында өтеді. Басталуы сағат 19.00-де.

Еске сала кетейік, ойынның ашылуын «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілімнің басталуы сағат 18:55-те.

ДереккөзInform.kz