Президент бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да