Алматыдағы тәртіпсіздік: 2 экстремистік топ анықталды

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сонымен қатар жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды.

Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атылатын қару, дыбыс-жарық гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді.

Фото:Алматыдағы тәртіпсіздік Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұйым жетекшісі — халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде ат-салысқан шетел азаматы.

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сонымен бірге билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгені анықталды. Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды.

Тергеу жұмысына сәйкес, кейбір ақпаратты жариялау әзірге мүмкін емес.

Жедел және тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Алматыдағы тәртіпсіздік
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желіде ҚР ҰҚК Алматы бойынша департаментінен қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған.

Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.