Қазақстанда мереке қарсаңында полиция жұмысы күшейтіледі

Полицейлер тұрғындар қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сонымен бірге құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолданалады.

Ішкі істер министрлігінің кеңесі:
  • мереке күндері есіктердің барлық құлпын жабу қажет;
  • қонаққа кеткенде, көршілеріңізден үйіңізге қарап қоюды сұраған жөн;
  • кіреберістегі есіктер мен құлыптарға қарап жүрген бейтаныс адамдарды көрсеңіз, полицияға хабарласу керек;
  • пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізбеу керек;
  • сатып алған заттарды автомобильдің жүксалғышына салып жатқанда, сөмкелерді салонда қараусыз қалдырмаңыз;
  • көлік құралын тұрақта қалдырған кезде есіктер мен терезелер жабық екенін тексеріңіз;
  • жарақаттар мен өрт болмауы үшін пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.