0%

Биыл азаматтарға зейнетақы жинағындағы қаражатты қандай мақсатта мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат берді?

Дұрыс! Қате!

Үкімет зейнетақы жинағындағы алуға болатын соманы үй, жер сатып алу, ипотека бойынша қарызды өтеу, емделуге және құнды қағаздарды сатып алу үшін мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат берді.

29 тамыз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қай оқиғаға байланысты?

Дұрыс! Қате!

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймадағы жарылыс болды, салдарынан 17 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасы лауазымын кімге тапсырды?

Дұрыс! Қате!

2021 жылғы 23 қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясын мемлекет басшысы басқаруы керек екенін айтып, партия төрағасы лауазымын ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов 2021 Grammy Awards-та қандай номинацияға ие болды?

Дұрыс! Қате!

Диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) америкалық рэпер Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі "Үздік ремикс" номинациясын жеңіп, Grammy сыйлығына ие болды. Иманбек - осы сыйлықты жеңген алғашқы қазақстандық.

Мына оқиғалардың қайсы 2021 жылы болды?

Дұрыс! Қате!

2021 жылдың 10 мамырында Шығыс Қазақстан облысындағы орманның бірінен өрт шығып, Риддер маңындағы Лесхоз ауылында бірнеше үй өртенді. Полиция қызметкерлері оқиғадан екі адам жарақаттанғанын және бір әйел адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Ал Мақтаарал ауданындағы су тасқыны және Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлау оқиғасы 2020 жылы, ал Арыстағы жарылыс 2019 жылы болды.

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймадағы жарылыс салдарынан қанша адам қаза тапты?

Дұрыс! Қате!

2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймадағы жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапты.

Әлеуметтік желіде ән айтып танымал болған қойшы бала Айдос Кәденге кім продюсер болды?

Дұрыс! Қате!

Қойшы бала Айдос Кәденнің продюсері – әнші Жігер Ауыпбаев.

2021 жылы отставкаға кеткен министрлер кімдер?

Please select 2 correct answers

Дұрыс! Қате!

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасының жарылысы оқиғасынан кейін Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Нұрлан Ермекбаевтың министр болып тұрғанда әскери қоймада жарылыс екінші рет болды. Мұндай жағдай 2019 жылы Арыстағы әскери қоймада оқ дәрілер жарылды. 10 шілдеде Сапархан Омаров президент сынынан кейін ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Бұған биылғы жазда құрғақшылық пен жем-шөп бағасы өсуіне байланысты Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысының Арал ауданында мыңнан астам малдың қырылуы себеп болды.

2021 жылы қазақстандық Құрмет Талапқазы қандай еңбегі үшін "Жыл адамы" мәртебесіне ие болды?

Дұрыс! Қате!

Құрмет Талапқазы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек беру үшін батыс өңірлеріне шөп-жем тасымалдауды ұйымдастырды. Осы еңбегі үшін оған “Жыл адамы” мәртебесі берілді. Сонымен бірге Құрметке Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқуға мүмкіндік берілді.

Токио Олимпиадасында Қазақстан спортшылары қанша медаль алды?

Дұрыс! Қате!

Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан спортшылары 8 қола жеңді. Олар: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон, Зүлфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, еркін күрес спортшысы Нұрислам Санаев, каратешілер Дархан Асаділов, София Берульцева.

Тест: 2021 жылы несімен есте қалды?
Жаман емес!
Елде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу үшін жиірек жаңалық оқуға кеңес береміз.
Жақсы!
Елде болып жатқан біраз оқиғадан хабардар екенсіз.
Тамаша!
Елде болған барлық елеулі оқиғаларды біледі екенсіз.

Әлеуметтік желіде бөлісу: