Қазақстанда поп-әнші Рианнаның концерті өтеді

Рэдиссон қонақ үйінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың бизнес қоғамдастықтарымен кездесуі өткізді. Жиында ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«…Таяу уақытта Астанада ЭКСПО кезінде, 2017 жылдың жазында өтетін мәдени, спорттық және өзге де іс-шаралардың тізімі жарияланады. Астанадағы ЭКСПО кезеңінде америкалық поп-әнші Рианнаның концертін өткізу (концерт күні анықталу үстінде) жоспарлануда», — деп жазды Марат Иғали.

Айта кетейік, Рианна — барбадос R&B әншісі. Оның әндері әлемге кең танылған. Көптеген сыйлықтардың иегері, оның ішінде: төрт Грэмми және төрт American Music Awards сыйлығы. Негізгі күйтабақтары: «Music of the Sun» (2005), «A Girl like Me» (2006), «Good Girl Gone Bad» (2007), «Rated R» (2009), «Loud» (2010), «Talk That Talk» (2011), «Unapologetic» (2012), «ANTI»(2016).

ДереккөзInform.kz