Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай қандай шаралар өтеді?

Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар.

Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және «омикрон» штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады.

Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендер ревакцинациядан өту қажет. Вакцинация пунктері жұмысын жалғастырады,- делінген жазбада.