Біз бәріміз адамбыз, кейде қателесуіміз мүмкін. Спорт пен мәдениет саласы бір министрлік бола ма, әлде екіге бөліне ме оны мемлекет басшылығы шешеді. Сондықтан біз қазір өз жұмысымызды мейлінше жақсы атқаруға тырысып жатырмыз, — деді Ақтоты Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Брифингі барысында журналистер мәдениет және спорт министрінен Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кетуі туралы ойын сұрады.
Бұл сұрақты маған бұған дейін де қойды. Мен басшылыққа өтініш жаздым, бірақ қабылданған жоқ. Бұл сұраққа жазбаша түрде де, журналистерге де жауап бергенмін, — деді министр.
Айта кетейік, 2021 жылы Жапония астанасы Токио қаласында Олимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында 8 қола медаль алды.
Сонымен бірге Токиода өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медальсыз қайтты.